Bilim Coins — еңбекті бағалау мен алғыс білдіруге арналған ішкі валюта.
Компания дамуына қосқан үлесіңіз, әріптестерге қолдауыңыз және корпоративтік құндылықтарды ұстанғаныңыз үшін B-coins ала аласыз.

B-coins қалай жинауға болады?
  • Белсенді болып, бастамаларға қатысыңыз
  • Әріптестерге жобалар мен тапсырмаларда қолдау көрсетіңіз
  • Күнделікті жұмыста корпоративтік құндылықтарды ұстаныңыз

B-coins қалай пайдалануға болады?
Сіз B-coins-ты:
  1. Bilim Store корпоративтік дүкенінде мерчке жұмсай аласыз
  2. Әріптесіңізге B-coins жіберу арқылы алғыс білдіре аласыз
B-coins-ты қалауыңызша пайдаланыңыз — өзіңізге сыйлық алып немесе әріптестеріңізге көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдіре аласыз.

Компания атынан әріптеске B-coins қалай беруге болады?
  • Әріптестің қосқан үлесін дәл сипаттайтын номинацияны таңдаңыз
  • «Моя команда» HRM жүйесінде (Bilim Coin номинациясын таңдап) өтінім қалдырып, әріптесіңізді не үшін марапаттағыңыз келетінін қысқаша жазыңыз
  • HR бөлімі өтінімді қарап, B-coins есептейді

Әріптесіңізге B-coins қалай сыйлауға болады?
  • «Моя команда» HRM жүйесіне кіріңіз
  • «Қызметкерлер» бөліміне өтіп, қажетті әріптесті табыңыз
  • Профильдегі «Бөлісу» батырмасын басыңыз
  • Жіберілетін B-coins санын көрсетіп, алғыс сөзіңізді жазыңыз
  • «Жіберу» батырмасын басыңыз — сіздің жылы лебізіңізді әріптесіңіз бірден көреді

B-coin туралы маңызды ақпарат:
B-coins жүйесі сенімге, шынайылыққа негізделген.
Біз әріптестердің нақты ісі, қосқан үлесі мен қолдауы үшін B-coins беруді қолдаймыз.
B-coins сұрау немесе оны күту жүйенің құндылығы мен команда ішіндегі сенім деңгейіне әсер етуі мүмкін.
Сондықтан өзара құрмет пен шынайы алғыс мәдениетін бірге қалыптастырайық!

Номинациялар тізімі
Ұпайлар
Номинация және сипаттама
15
Welcome bonus
Жаңа қызметкерлер алғашқы жұмыс күні welcome B-coins алады.
20
Tuğan kün
Қызметкерлердің туған күніне орай мерекелік B-coins беріледі — бұл біздің ризашылығымыз бен жылы лебізіміздің белгісі.
30
Anniversary
Компаниядағы жұмыс өтілінің әр жылында қызметкерлерге B-coins автоматты түрде есептеліп отырады.
100
Ambassador
Сыртқы іс-шараларда (конференциялар, митаптар, talks) сөз сөйлеген, сараптамалық мақалалар жариялаған, сұхбаттарға қатысқан және компанияны әлеуметтік желілерде таныстырған қызметкерлерге беріледі.
50
Innovator
Жұмыс процестерін жетілдіру және жаңа шешімдерді әзірлеу мақсатында жаңа идеяларды енгізген қызметкерлерге берілетін номинация.
50
Problem Solver
Күрделі жұмыс міндеттерін шешкен және сындарлы жағдайлардан сәтті шығуға көмектескен қызметкерлерге берілетін номинация.
50
Knowledge Share
Ішкі дәрістер мен воркшоптар өткізген және әріптестермен білім алмасқандығы үшін берілетін номинация.
20-50
Helper
Лауазымдық міндеттерден тыс басқа командалар мен жобаларға көмек көрсеткендігі үшін берілетін номинация.
30
Buddy
Жаңа қызметкерлерді қолдаған, олардың бейімделуіне және командаға тез сіңісуіне көмектескен әріптестерге арналған номинация.
20-60
Event Maker
Корпоративтік іс-шараларды ұйымдастырған үшін берілетін номинация:
  • 20 - ұйымдастыруға көмек көрсету;
  • 40 - ұйымдастыруға бастамашылық танытып, белсенді қатысу;
  • 60 - іс-шараны толықтай өз бетінше ұйымдастыру.
10-30
Brand Voice
Компания туралы сапалы әрі мазмұнды контентті әлеуметтік желілерде жариялаған үшін берілетін номинация:
  • 10 - Instagram, Facebook;
  • 30 - LinkedIn.