Кеңседегі әдеп қағидалары
Компаниядағы әр қызметкерге құрметпен қарап, амандасуды ұмытпаңыз;

Әріптестеріңіз маңызды жұмыспен айналысып отырғанына назар аударыңыз: шамадан тыс шуламауға тырысыңыз, жеке және жұмысқа қатысты мәселелерді open-space аумағынан тыс жерде талқылаңыз;


Жеке қоңырауларды жұмыс орнында қабылдамаған жөн - бұл әріптестердің жұмысына кедергі келтіріп, ыңғайсыз жағдай туғызуы мүмкін;


Үзіліс уақытында да әріптестердің жұмысына кедергі келтірмеуге тырысыңыз — олардың маңызды немесе шұғыл тапсырмалары болуы мүмкін;


Тамақтану үшін асхана немесе ортақ демалыс аймақтарын пайдаланыңыз, жұмыс орнында тамақтанбауға тырысыңыз;


Әріптестердің жұмысына бөгет жасамау үшін аудио және видео материалдарды құлаққап арқылы тыңдаңыз;


Әріптесіңіз көмек сұраса, мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, назар аударыңыз;


Әріптестердің жеке кеңістігі мен құпиялылығын құрметтеңіз. Әңгіме барысында дін, саясат, ұлт сияқты сезімтал тақырыптарды қозғамауға тырысыңыз. Басқа бөлімдердің жалақысы немесе еңбек жағдайларын талқылау да орынсыз;


Денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, жұқпалы ауру кезінде ұжыммен байланысты шектеуге тырысыңыз;


Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау үшін жұмыс орнынан шыққанда компьютерді немесе ноутбукты міндетті түрде бұғаттап қойыңыз;


Кеңседен соңғы болып шыққан жағдайда, терезелерді тексеріп, жарықты, кондиционерді және жылытқышты өшіріп, кіреберіс есікті жабуды ұмытпаңыз.



Осы ережелерді сақтау кеңседе жайлы әрі жағымды атмосфера қалыптастыруға көмектеседі.