Welcome to
Bilim Group
Сәлем!

Bilim Group командасының бір бөлігі болғаныңызға қуаныштымыз!
Мұнда біз сіздің алғашқы жұмыс күніңізге арналған негізгі ақпаратты жинадық.
Киім коды: бізде қатаң ережелер жоқ, еркіндік береміз, біздің қызметкерлер casual стильді ұнатады.

Жұмыс режимі: 9 - дан 18-ге дейін, бір сағаттық түскі ас.

Байланыс:
Bilim Group сайты
Linkedin

Құжаттар
Жұмысқа орналасу үшін анықтаманы толтырып, оны құжаттар тізімімен (тізім төменде) hr@bilimland.com поштасына жіберу керек.
Барлық құжаттарды бір хатпен жолдаңыз.

Бізде электрондық құжат айналымы, сондықтан әр қызметкерде жеке электронды-цифрлық қолтаңба болуы қажет (ХҚО-нан немесе Egov арқылы алуға болады).
  • Негізгі құжаттар:
    • Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың түрлі-түсті скан-көшірмесі;
    • Egov.kz жеке кабинеттен тіркелген мекенжайы туралы скриншот;
    • Еңбек кітапшасы (көшірме) - егер бар болса;
    • Білімі туралы дипломның көшірмесі;
    • Банктегі карт-шот № (анықтама);
    • Соттылығы жоқ туралы анықтама (Egov.kz).


    * Біз педагогтармен, оқушылармен тікелей/жеке жұмыс жасайтындықтан, мемлекеттік білім беру мекемелерінің ережелерін сақтауымыз қажет.
  • Бар болған жағдайда, қосымша құжаттар:
    • Баланың туу туралы куәлігі;
    • Тіркеу куәлігі, әскери билет немесе әскери қызметке жарамсыздық туралы анықтама;
    • Оқу орнынан анықтама;
    • Қосымша жұмыс кезінде негізгі жұмыс орнынан анықтама;
    • Зейнетақы куәлігі;
    • Мүгедектік туралы, қамқоршылық туралы, баланың мүгедектігі туралы анықтамалар және т.б.
Кеңсе