Жеңілдіктер кафетерийі — штаттағы қызметкерге жылына 100 000 теңгеге дейінгі шығындарын өтеуге мүмкіндік беретін бағдарлама.
Қандай шығындарға өтемақы төленеді:- спорт және фитнеске;
- денсаулықты қолдау қызметтеріне;
- оқу курстары мен кәсіби дамуға.
Бағдарлама қалай жұмыс жасайды:- Компания әр қызметкерге жылына 100 000 теңге бөледі;
- бағдарламаға компанияда 6 ай жұмыс істегеннен кейін қатысуға болады;
- өтемақы алу үшін бір немесе бірнеше санатты таңдауға болады;
- төлем жасалғаннан кейін шығындарды растау қажет (чек, үзінді көшірме және т.б.);
- HR құжаттарды тексеріп, төлемді рәсімдейді.
Есептеу кезеңдері:2026 жылғы 30 тамызға дейін — 50 000 теңге;
2027 жылғы 30 қаңтарға дейін — 50 000 теңге.
Бағдарлама еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін штаттағы қызметкерлерге қолжетімді.