Жалақыны қайта қарау, бонус төлеу және басқа да кадрлық шешімдерге қатысты мәселелер
HR комитетте қарастырылады.
Bilim Group компаниясының HR комитеті туралы ережемен
сілтеме арқылы таныса аласыз.
HR комитеті шешімдердің ашық, әділ және объективті қабылдануын қамтамасыз етеді.
HR комитетте келесі мәселелер қарастырылады:- ұйымдық құрылым мен штаттық кестеге өзгерістер енгізу;
- лауазымдарды, грейдтерді және жалақыны қайта қарау;
- негізгі бос жұмыс орындары мен жаңа рөлдерді келісу;
- ішкі тағайындаулар мен ротациялар;
- KPI қою және тиімділікті бағалау тәсілдері;
- бонустар мен сыйақыларды бөлу;
- еңбекақы төлеу қағидалары мен HR-саясаттарға енгізілетін өзгерістер.
HR комитеті
айына екі рет өткізіледі. Өткізу күндері басшылар чатына жіберіледі.
Жалақыны қайта қарауға қатысты материалдар Комитет отырысына кемінде
3 жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс.Жалақыны қайта қарау, лауазым ауыстыру кезінде жалақыны өзгерту немесе сыйақы беру бойынша оң шешім қабылданған жағдайда, бұйрық және еңбек шартына қосымша келісім рәсімделеді.