Bilim Group компаниясының Еңбекақы төлеу туралы ережесімен сілтеме арқылы таныса аласыз. Еңбекақы төлеу туралы ереже - жалақыны қалыптастыру қағидаттарын, лауазымдық жалақыны қайта қарау тәртібін, сыйақы төлеу шарттарын, сондай-ақ өтемақы және өзге де төлемдерді ұсыну қағидаларын айқындайтын ішкі құжат.
Ереже:- жалақының қалай қалыптасатынын және оның неден тұратынын түсінуге;
- жалақыны қайта қарау және сыйақы есептеу тәртібін білуге;
- еңбекақы төлеуде ашық, әділ әрі бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге;
- еңбекақы төлеу мәселелеріндегі қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін түсінуге көмектеседі.
Ережені сақтау еңбекақы төлеу жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, қызметкерлерді марапаттауда бірыңғай тәсілді ұстануға және компания мен қызметкерлер арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етеді.