Рефералдық бағдарлама — компаниядағы ашық вакансияларға кандидаттарды ұсыну арқылы сыйақы алу мүмкіндігі.
Қалай жұмыс істейді?- Сіз ашық вакансияға кандидатты ұсынасыз.
- Кандидат іріктеуден өтіп, сынақ мерзімін сәтті аяқтайды.
- Сіз ақшалай сыйақы аласыз.
- Бонус мөлшері вакансияға байланысты және апта сайынғы жаңалықтар дайджестіндегі өзекті позициялар тізімінде көрсетіледі.
Неліктен бұл тиімді?Компания үшін - Біз мықты мамандардан құралған команданы кеңейтеміз.
Сіз үшін - Сәтті ұсыныс үшін ақшалай сыйақы аласыз.
Маңызды ақпарат:- Сіз достарыңызды, таныстарыңызды және бұрынғы әріптестеріңізді ұсына аласыз.
- Сыйақы кандидат сынақ мерзімінен сәтті өткеннен кейін ғана төленеді.
- Басшыларға өз командасындағы вакансияларға кандидат ұсынғаны үшін бонус берілмейді, алайда басқа бөлімдерге кандидат ұсынуға болады.
- Кандидатпен жеке таныс болып, оған компания мен вакансия туралы ақпарат беру маңызды.
- Егер кандидат сіздің ұсынысыңыз туралы білмесе, бонус төленбейді.
- Ұсынылған кандидат вакансия талаптарына сәйкес болуы керек.
- Бағдарлама вакансиялар жабылғанға дейін жалғасады.
Кандидатты қалай ұсынуға болады?HRM →
«Рефералдық бағдарламаға» арқылы өтінім жіберу қажет.
Басқа жолмен жіберілген түйіндемелер есепке алынбайды.