Мансап сайты
Қаз
Рус
Bilim Team құндылықтары
Біздің миссиямыз: Баршаға қолжетімді сапалы білім
№1 құндылық - Оптимизм
Біз әрдайым жақсылыққа сенеміз әрі шабыт пен сенімге толы орта қалыптастырамыз. Басқалар тосқауыл көретін тұстан біз жаңа мүмкіндіктерге жол табамыз.
Біз мұны қалай жүзеге асырамыз?
Жетістікке сеніммен қараймыз
— қиындықтарға қарамастан, әрдайым жаңа тәсілдер мен тың идеяларды іздейміз.
Бір-бірімізді қолдаймыз
— әр адам өз еңбегінің маңызды екенін сезінетін орта қалыптастырамыз.
Қиындыққа емес, нәтиже беретін әрекетке көңіл бөлеміз.
Қарым-қатынаста позитивті көңіл күйді сақтаймыз.
Өзгерістерден жаңа мүмкіндік көреміз
— әр өзгерісті үдерістер мен өнімдерді жақсартудың жолы деп қабылдаймыз.
Өз үлгімізбен шабыттандырамыз
— позитивті әрі сындарлы көзқарастың нәтижеге жеткізетінін дәлелдейміз.
№2 құндылық- Ішкі көшбасшылық
Әр қызметкер өз бағытының көшбасшысы — бастамашылдық танытып,
нәтиже үшін жауапкершілік алады.
Біз мұны қалай жүзеге асырамыз?
Белсенді әрекет етеміз — бастаманы өз қолымызға алып, үдерістерді жетілдіру жолдарын іздеп, тиімді шешімдер ұсынамыз.
Жауапкершілікті толық өз мойнымызға аламыз — әрқайсымыз өз міндетіміз бен жобамызға иелік етіп, түпкі нәтиже үшін толық жауап береміз.
Экстра Майл: кіші қадамдардың үлкен күшіне сенеміз — тіпті ең кішкентай жетілдірудің өзі алға бастар маңызды қадам екенін түсінеміз.
Істі соңына дейін жеткіземіз — кедергілерге қарамастан, басталған істі аяқтап, ешбір мәселені шешімсіз қалдырмауға ұмтыламыз.
LinkedIn
Instagram
YouTube
Мансап сайты
Back to top