Bilim Group — отандық білім беру жүйесінің келешегін қалыптастырып жатқан бірегей IT өнімдер экожүйесі
Қазақстандағы ең ірі
EdTech компанияның
бір бөлігіне айналыңыз
бір бөлігіне
Bilim Group — Қазақстандағы жетекші EdTech топ. Ұйым BilimLand, OnlineMektep, iTest, iMektep, Kitap.kz, BilimKids, BilimUstaz, BilimClass, SmartNation және Bilim Foundation сияқты 15-тен астам цифрлық білім беру компаниясын біріктіреді.

Біз оқушының білім жолын толық қамтитын — мектепке дейінгі кезеңнен бастап мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған ұтымды шешімдерді ұсынамыз. Бүгінде Bilim Group өнімдері Қазақстан мектептерінің басым бөлігінде қолданысқа ие және елдегі білім беру процестерінің шамамен 70%-ін қамтиды.
Bilim Group туралы
Пайым
Елдегі білім сапасын арттырып, адами капиталды дамытуға қызмет ететін заманауи цифрлық экожүйе қалыптастыру
Мақсат
Оқушыларға, мұғалімдерге, мектептер мен мемлекетке жылдам, тиімді әрі тұрақты дамуға көмектесетін инновациялық IT шешімдер мен білім беру жобаларын әзірлеу
Миссия
Баршаға қолжетімді сапалы білім
OpenAI
Cousera
NIS
Astanahub
Freedombank
Freedom-Holding
Binomschool
Beeline
Yandex
Kcell
Tele2
SergekGroup
EdTech компания
Bilim Group көрсеткіштері
қызметкер
300+
стратегиялық серіктес
20+
жыл нарықта
15+
өнім
15+
Bilim Group өз ісіне шын берілген, білім саласының дамуына үлес қосуды қалайтын талантты мамандарға әрдайым ашық.

Кәсіби тәжірибеге ие, жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын және компаниямен бірге өсуге дайын жан болсаңыз — сізді қатарымызда көруге қуанамыз!
Bilim Group-ке қосылыңыз
Bilim Group құндылықтары
Ішкі көшбасшылық

Лауазымға қарамастан, жауапкершілік аламыз, бастама көтереміз және нәтижеге ықпал етеміз. Өзгерістердің авторы — өзіміз.
Оптимизм
Қиын жағдайда да мүмкіндікті байқай білуге көмектесетін ішкі бағдар. Біз жақсы нәтижеге сенеміз, өйткені оны өз әрекетіміз, қабылдаған шешіміміз және жұмысқа деген көзқарасымыз арқылы қалыптастырамыз.
Біз не ұсынамыз
BYOD — егер жұмыста өз ноутбугіңізді немесе компьютеріңізді қолдансаңыз, шығынын өтейміз.
Бенефиттер кафетерийі — жұмысқа кіргеннен кейін алты айдан соң спорт, денсаулық немесе білім алу бағытында қолдануға болатын бонус жүйесі.
Іс-шаралар, квиздер мен түрлі meet-up ұйымдастырамыз. Сонымен қатар дәмді дастархан мен көңілді кездесулерге негізделген «Тәтті күн» атты тамаша дәстүріміз бар.
Білімді арттыру — Bilim Group-те жұмыс істеу арқылы үздік білім ресурстарын пайдалана аласыз (Kitap.kz цифрлық кітапханасы, BilimLand экожүйесі және басқасы).
Қызықты міндеттер — компанияның алға қойған мақсаттары тың шешімді және үлкен ынтаны талап етеді.
Жылы шырайлы әрі қолдауға дайын ұжым — біз сыйластықты, ашықтық пен көңілді қарым-қатынасты бағалаймыз.
Лайықты еңбекақы — жалақы мөлшерін әр үміткермен жеке талқылаймыз, компаниядан не күтетінін ескереміз.
Қазақстанның білім беру жүйесін бізбен бірге өзгертіңіз!
Bilim Group-ке қосылғым келеді
Бос вакансияға үміткер ұсынасыз.
Егер үміткер сынақ мерзімінен сәтті өтсе, сіз сыйақы аласыз.
Сыйақы мөлшері вакансияға қарай өзгеріп отырады, толық ақпарат бос орын туралы сипаттамада ұсынылған.
Бағдарламаға әріптестер ғана емес, серіктестер мен достар да қатыса алады
Бағдарлама қалай жұмыс істейді?
Сыртқы рефералдық бағдарлама
  • Сіз үміткермен таныс болуыңыз керек және оған біздің компания және вакансия туралы айтуыңыз керек.

  • Егер үміткер сіздің ұсынысыңыз туралы білмесе, сыйақы төленбейді.

  • Ұсынылған үміткерлер вакансия талаптарына сай болуға тиіс.

  • Бағдарлама вакансия жабылғанға дейін жұмыс істейді.
Маңызды
hr@bilimland.com поштасына «Рефералдық бағдарлама» тақырыбымен үміткердің резюмесі мен байланыс дерегін жолдаңыз.
Қалай ұсынуға болады
Bilim Space
ішкі корпоративтік порталы

Байланыс

Кеңсе мекенжайлары:


Астана: Мәңгілік ел даңғылы, 55/13

(EXPO), С 2.1 блогы, 1-қабат


Алматы: Тимирязев көшесі, 28в

«Алатау Гранд» бизнес орталығы


HR және жұмысқа орналасу бойынша:

hr@bilimland.com

Резюмеңізді жүктеңіз (pdf)
Батырманы басу арқылы жеке деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.
«BilimLand» ЖШС, БСН 141040020778
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, С2.1 блогы
Қолдау қызметі
+7 (707) 944 95 95
support@bilimland.com