Біз пайдаланушыларымыз үшін алғашқы байланыс нүктесі болатын мұқият әрі көпшіл
Клиенттерді қолдау маманын іздейміз. Сіздің міндетіңіз — клиенттерге сұрақтарын шешуге көмектесу, компания өнімдері бойынша кеңес беру және жоғары деңгейлі сервиспен қамтамасыз ету.
Жұмыста не істеу керек:- Пайдаланушылардың өтініштеріне телефон арқылы, чаттарда және мессенджерлерде жауап беру;
- Пайдаланушыларға компания өнімдері бойынша кеңес беру және туындаған мәселелерді шешуге көмектесу;
- Клиенттердің сұраныстарын шешу үшін басқа ішкі командалармен өзара байланыста болу;
- Клиенттік сервистің жоғары деңгейін ұстап тұру.
Сізден күтетініміз:- Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру: ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің сауатты болуы;
- Компьютерді (ПК) сенімді пайдалану;
- Ақпараттың үлкен көлемімен және көпміндеттілік (многозадачность) режимінде жұмыс істей білу.
Бізбен жұмыс істегенде, ұсынамыз:- Сұранысқа сай жалақы — кездесу кезінде жеке және ашық талқылаймыз;
- Сәтті нәтиже үшін бонус — жетістіктер үшін қосымша сыйақы ала аласыз;
- Қолайлы және қолдаушы команда — сыйластықты, ашық-жарқын және достық ортаны бағалаймыз;
- Білімді арттыру — Kitap.kz, Bilimland.com, Lerna.kz және басқа білім беру платформаларына жазылым сыйлаймыз;
- Тілдер оқу — Qlang.kz арқылы шет тілдерін өз ыңғайыңызда үйреніңіз;
- Демалыс аймақтары бар жайлы кеңселер — кофе, шай, Xbox, үстел теннисі,
- Бенефиттер кафетерийі — спорт, денсаулық, оқытуыңызды Компания төлеп береді;
- Іс-шаралар, квиздер, meet-up’тар және Тәтті күн — дәмді тағамдар мен көңілді кездесулер өткіземіз;
- BYOD — өз ноутбугыңызда жұмыс істегеніңіз үшін өтемақы ала аласыз.
Біз қалай жұмыс істейміз:- Кеңсе: Астана (Expo, Мәңгілік Ел 55/13), Алматы (Гранд Алатау Бизнес Орталығы)
- Жұмыс кестесі: дүйсенбі–жұма, 9:00–18:00 (кеңсе, ремоут, аралас)
- Бірінші күннен ресми жұмыспен қамтимыз, сынақ мерзімі — 3 ай